Желіде кәсіпкердің бастамасын қолдап жатқандар баршылық.
Астана қаласының кәсіпкері дүкенін Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай, кәсіпкер безендіруге 4 мың шар мен 1000 ту қолданған. Оның сөзінше, бұл дүкенге келушілерге патриоттық рух беру үшін жасалған.
"Дүкендерге келгендердің барлығы да Тәуелсіздік күнін еске алып, өз ризашылығын білдіріп жатыр. Таңертеңнен бері телефон қоңыраулары тоқтамай келіп жатыр. Ол "дүкеніңіз әлеуметтік желіде танымал болып жатыр" дейді", – деді елорда тұрғыны Темірхан Әшімұлы.