Қазақстандықтар Қазпошта атынан кездейсоқ электрондық пошта мекенжайларынан келген күмәнді SMS-хабарламалар алуда. Бұл алаяқтардың әрекеті, деп хабарлайды Zakon.kz.

SMS-хабарламалар келесі мазмұнды қамтиды:

"Мекенжай дұрыс көрсетілмеген, сәлемдемеңіз 24 сағаттан кейін қайтарылады" деген мазмұндағы мәтіндер жазылып, күмәнді сілтемелер жіберіледі.

Осыған байланысты Қазпошта әкімшілігі ресми түсініктеме таратты.

Мамандар, мұның алаяқтық жолмен таратылған хабарламалар екенін айтып, дабыл қағуда.

Сондай-ақ, келесі жайттарға назар аудару ұсынылды:

  • Қазпошта ешқашан бейтаныс сілтемелер арқылы мекенжайды нақтылауды сұрамайды;
  • Мұндай хабарламаларда көрсетілген сайттар Қазпоштаға тиесілі емес;
  • Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және деректеріңізді енгізбеңіз.
"Егер осындай хабарлама алсаңыз, дереу өшіріп, ешқандай әрекет жасамаңыз.Қосымша ақпарат алу үшін 1499 байланыс орталығына хабарласыңыз",- деп мәлімдеді мамандар.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында ер адамның қызғаныштан әйелін өлтіргендігі хабарланған болатын.