Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астана вокзалында адамға пышақ жарақатын салу әрекеті бойынша желілік басқарма қылмыстық іс қозғады.
Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз