"Қазгидромет" РМК 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде жел күшейіп, қарлы боран мен аяз болатынын хабарлады. Соған орай мамандар еліміздің басым бөлігінде ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және орталығында да тұман болады.
Түнде және таңертен Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман болып, таулы аудандарда жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, облыстың тау асуларында 23-28 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болып, бұрқасын жүреді. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с-қа жетеді.
Түнде Маңғыстау облысының орталығында қалың қар түседі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақытта 24-29 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады.
Алматыда 11 желтоқсанда жолдарда көктайғақ болады. Қонаевта да жолдарда көктайғақ болып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 30 м/с-қа жетеді. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, тұман түседі, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады.
Күндіз Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, ал облыстың шығысында 25 м/с-қа дейін жетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз