Астана әкімдігінің өкілдері қалың қарға байланысты тұрғындарға үндеу жасады. Елордалықтарға қауіпсіздік ережелерін сақтау мен жолда барынша абай болу керектігі ескертілді, деп ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің ақпаратынша, коммуналдық қызметтер қар күреу жұмысын тәулік бойы жүргізіп, күніне қаладан ондаған мың текше метр қар шығарған.

Бүгін, 10 желтоқсанда күндізгі ауысымда қаладан шамамен 1682 рейспен 20 мың текше метр қар шығарылды. 11 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына 378 жол жұмысшысы және шамамен 1 200 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қарқыны орташа жолдар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазартылады.

"Астана әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жолдар мен тротуарларда барынша абай болуды және қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауды кеңес етеді", — делінген ресми хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз