Алматының Медеу ауданында кешке өрт оқиғасы болды. Қалалық ТЖД өкілдері төтенше жағдайдың мән-жайын баяндады, деп ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, 10 желтоқсанда сағат 18:08-де Медеу ауданында жем сақтайтын қойма өртенді. Өрт 70 шаршы метрге тараған.

Ведомствоның хабарлауынша, төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

ТЖД күштері ғимараттан көлемі 25 л газ баллонын алып шықты.

Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында алапат өртке айналуына жол берілмеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз