"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтілетінін болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Болжам бойынша, еліміздің бір өңірінде қатты аяз болса, ал тағы бір өңірінде қатты жел тұрады:

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз болады: -25°С. Күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да көп мөлшерді құрайды.

"Солтүстік-батыс циклон ойпатымен және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, жел екпін алады, тұман түсіп, батыста, оңтүстікте, шығыста боран соғады, оңтүстікте, батыста көктайғақ болып, оңтүстік-батыста қалың қар түседі деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында солтүстік антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бұған дейін Алматыда алғашқы қар түсіп, түнде ондаған жол апаты тіркелгенін жазғанбыз.