Қазақстанның халық әртісі, қазақ музыкасының айнымас символына айналған Роза Рымбаева AbaiTV арнасына берген сұқбатында елді елең еткізер жоспарын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева "Сарасөз" бағдарламасының қонағы болды.
Бағдарлама барысында аңыз әнші көрермендерді елең еткізер жаңалығын бөлісті. Қазір ол шығармашылық жолының жарқын сәттерін қорытындылайтын 50 жылдық есеп беру кешіне қызу дайындық жүргізіп жатыр.
Роза Қуанышқызының айтуынша, осы мерейтойлық концерт оның үлкен сахнадағы соңғы кеші болуы әбден мүмкін.
"Бұл – менің өнер жолымның ең маңызды кезеңдерінің бірі. Осы концерттен соң сахнамен қош айтысуым мүмкін" — дейді әнші.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз