Астана мектептерінде 0-4 сынып оқушылары бүгін сабағын онлайн оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"2025 жылғы 10 желтоқсандағы ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", — делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, кеше, 9 желтоқсанда Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ауа температурасының төмендеуі мен қатты желге байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға жөнелтілгенін хабарлағанбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз