"Қазгидромет" РМК 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде қар мен көктайғақ болатынын хабарлап, ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүсігінде, оңтүстігінде екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, түнде облыстың таулы аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы қаласында 10 желтоқсанда түнде қатты қар, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа жетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз