Министрлер кабинетінің баспасөз жиынында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы Дархан Иманашев еліміздегі кемшіліктері бар кейбір ақылы жолдар қашан халық үшін тегін болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жұмыс тобы өз жұмысын аяқтады. Бүгінгі таңда барлық ақылы жол бойынша шамамен 350 километр кемшілігі бар учаске анықталды.

Бұл тізімдер уәкілетті орган – Автомобиль жолдары комитетіне жолданды. Қазір ақпарат жинақталып жатыр және тиісті бұйрық шығарылады. Бұл туралы қосымша ақпарат береміз", — деді Дархан Иманашев.

Оның айтуынша, Көлік министрлігінен тиісті бұйрық 2026 жылдың басында енгізіледі деп жоспарланып отыр.

"Қаңтардан бастап біз бұл учаскелерді ақылы учаскелер қатарынан алып тастаймыз. Бірақ қайталап айтамын, біз бұл учаскелерді алдағы құрылыс маусымында жөндеуді жоспарлап отырмыз. Олар іске қосылғаннан кейін қайтадан ақылы учаскелер қатарына енгізіледі", — деді ол.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз