Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ванкуверде (Канада) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен — Руслан Курбанов. Ол жалпы есепте үздік ондыққа енді (10-шы орын), делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Кирилл Проходов — 26-орын, Никита Жулинский — 42, Александр Федотов — 46, Кирилл Павлов — 64, Вадим Шарлаимов — 85, Эльмир Әлімжанов — 118, Алексей Касаткин — 161, Ерлік Сертай — 180-орын алды.
Командалық жарыста Қазақстан 13-орынға тұрақтады.
Бұған дейін "Қайрат" футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алғанын жазғанбыз.