Ақмола облысында машинист теміржол өткелінде апаттың алдын алды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 6 желтоқсанда сағат 18:02-де Ақмола облысының Шортанды станциясында болған.

55 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызының машинисі автокөліктің күзетілетін және реттелетін теміржол өткелінде бағдаршамның тыйым салу сигналына және түсірілген шлагбаумға қарамастан кенеттен жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған.

Локомотив бригадасының уақтылы әрекетінің арқасында жол-көлік оқиғасының алдын алуға мүмкіндік туған. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан. Пойыз станциядан 10 минуттық кідіріспен жолға шыққан.

"Автоматты көшпелі дабыл штаттық режимде жұмыс істейді, өткел жарығы бар. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ақпарат әрі қарай құқық қорғау органдарына берілді", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз