Елорданың бас санитарлық дәрігері эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес енді Астана мектептерінде фильтр-кабинеттері жұмыс істеп бастайды, деп қалалық СЭБД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Құжаттағы ақпаратқа сәйкес, Астанада соңғы бір аптада ЖРВИ-дің 13 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Олардың 58%-ы (7824 жағдай) — 14 жасқа дейінгі балалар. Тіркелген науқастардың 25%-ы оқушылар болып шықты.
Осыған байланысты санитарлық дәрігер қаулы етті:
- медициналық персонал мен пациенттердің маска режимін сақтауы;
- пациенттердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдауға арналған қосымша кабинеттерді бөлу;
- аумақта және Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі — МСАК) көрсету ғимаратына кіреберістерде сүзгі кабинеттері үшін тиісті көрсеткіштердің болуы;
- МСАК сүзгі-кабинеттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалардың ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) белгілері болған жағдайда үйге шақыртуларын бірінші кезекте орындау, күнделікті патронажын және дер кезінде ауруханаға жатқызуын қамтамасыз ету;
- медициналық ұйымдардың жұмыс уақытын 08:00-ден 20:00-ге дейін ұзарту, демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін, денсаулық сақтау ұйымдарының ішкі актілеріне сәйкес.
Сондай-ақ білім мен денсаулық басқармаларына келесі тапсырмалар берілді:
- эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына дейін, сыныптағы оқушылардың жалпы санының 30 % немесе одан көп бөлігінде ЖРВИ жағдайлары тіркелген кезде, оларды қашықтан оқыту форматына көшіру;
- бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылардың жалпы санының 20-30%-ында ЖРВИ жағдайлары тіркелген кезде жалпы білім беретін ұйымдарда кабинет жүйесі жойылады және он күнтізбелік күн бойы сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады;
- әр ауысым алдында "таңғы сүзгіні" жүргізу, жедел респираторлық ауру белгілері бар мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды, сондай-ақ педагогтарды сабаққа жібермеу; балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтау;
- бұқаралық (мәдени, мерекелік және спорттық) іс-шараларды өткізуді тоқтату.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз