Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарында қолайсыз ауа райы салдарынан жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.


"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, 7 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа температурасының төмендеуі және тұманға байланысты көлік қозғалысы шектелді.

Ақтөбе облысы

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы);
  • "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 0-234 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысы шекарасы).

Қызылорда облысы

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Қостанай облысы

  • "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 234 -310 шақырым аралығындағы учаскесі, (Ақтөбе облысы шекарасы – Адаевка ауылы).

Жолдарды 2025 жылғы 7 желтоқсан сағат 18:00-де ашу жоспарланған.