Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматыдағы жұмыс сапары кезінде полиция департаменті бастығының, Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшысының және басқа да қызмет басшыларының есебін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Алматы – елдегі ең ірі мегаполис. Алматылық полиция қызметкерлерінің кәсібилігі миллиондаған тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігі мен тыныштығына тікелей әсер етеді", — деді министр.

Оның айтуынша, қалада қылмыспен күрес бойынша кешенді шаралар қабылданған.

Бұл өз нәтижесін көрсетіп жатыр: қылмыс деңгейі 13% төмендеген.

Кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, рецидив және көше қылмыстары да айтарлықтай азайған.