"ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық жолдардың қазіргі ахуалын хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, еліміздің бес облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАвтоЖол" хабарлауынша, бірқатар өңірде көліктердің жылдамдық деңгейі төмендетіліп, кейбір облыста көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысы

Республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 18-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ01 Астана — Қарағанды — Алматы" автожолының 92-164-шақырым аралығында (Анар стансасынан Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетіледі.

Павлодар облысы

"Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

"Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы" автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу "Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары" автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз