Израиль дәрігерлері 3D-принтермен көздің нұрлы қабығын басып шығарып, оны 70 жастағы әйелге сәтті трансплантацялады. Бұл – медицинада бұрын-соңды болмаған жаңалық.
Хайфадағы «Рамбан» медициналық орталығында өткен операциядан кейін он жылға жуық зағип болып келген пациент қайтадан жарық әлемді көре бастаған. Дәрігер Майкл Мимуни бастаған топ зертханада өсірілген жасушалардан имплант әзірлеп, оны науқастың көзіне орналастырған. Ең кереметі – ағза жаңа тінді еш қарсы реакциясыз қабылдапты, тіпті донордың да қажет болмаған. Мінекей, осы бір қуанышты жаңалық көру қабілетінен айырылған миллиондаған адамның үміт отын қайта тұтатқандай...