5 желтоқсанда Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңінде әйелдер арасында спринт жарысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшылар 7,5 шақырым қашықтықты жүріп өтуі қажет.
Бұл сынға Қазақстан атынан үш биатлоншы қатысады.
Жарыс жолына Айша Ракишева, Полина Егорова және Милана Генева шығады.
Бәсеке Астана уақытымен 20:00-де басталады.