Синоптиктер 2025 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен ауа райының қауіпті құбылыстары жөнінде болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға қарағанда, елдің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз болады.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, боран, көктайғақ болып, жел күшейеді", — деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі.