Шымкентте энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс қала тұрғындарымен кездесуде газ, электр және жылумен қамтамасыз ету бағытындағы жоспарларды таныстырды.

Қаладағы газдандыру деңгейі бүгінде 97%-ға жетіп, 1,1 млн тұрғын табиғи газбен қамтылған. 2024 жылы 80 мыңнан астам адам алғаш рет газға қосылды. 2025 жылы «Жұлдыз», «Жалын» және «Қарабастау» шағын аудандарын газдандыру жалғасады, нәтижесінде тағы 13 мыңнан астам тұрғынға газ беріледі.

Шымкентті тұрақты жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қуаты 500 МВт бу-газ қондырғысы салынбақ. Сонымен бірге қаладағы қазандықтар мен сорғы станцияларын жаңғырту жобалары іске асуда.

Кездесуде тұрғындар инфрақұрылым, энергиямен жабдықтау және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Барлық өтініш министрлікке қарауға қабылданды.