Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәілметінше, алдағы демалыс күндері атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде бұрқасын болуы ықтимал.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Кезең соңына қарай Жаңа Жер аралдары ауданынан республиканың батысына арктикалық антициклон жетіп, ол кейін республика аумағы арқылы өтіп, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.

Осылайша, 8 желтоқсанда солтүстік-батыста -5...-13 градус аяз, солтүстікте -10..-15 градусқа дейін аз болып, әрі қарай да температураның төмендеуі күтіледі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз