https://t.me/ aqorda _resmi/24784
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық форумының пленарлық сессиясында жаһандық қауіпсіздікке төнетін қауіп тек геосаяси емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Әлемдегі қазіргі ахуал өзгеріп жатыр. Мультилатерализмнің үні құмыққанда, протекционизм өршиді. Осынау бей-берекет кезеңдегі біздің міндетіміз — ынтымақты қатаң сақтау, ыдыраған тұсын қайта қалпына келтіру.
Қазақстан қазіргідей алмағайып заманды сындарлы ықпалдастық тұрғысынан қарастырады. Сыртқы саясатта жікке бөлінбей диалогқа келуді, кез келген елдің егемендігін құрметтеуді басшылыққа аламыз. Әсіреұлтшылдық танытып, өзге халықтардың тарихы мен мәдени дәстүрлерін менсінбеуге жол берілмейді. Аз халықтардың ана тілінде сөйлеп, төл мәдениетін дәріптеуіне құрметпен қарау қажет. Сондықтан Қазақстанда "Бірлігіміз — әралуандықта" қағидатын қатаң ұстанамыз".