75 жасында Mortal Kombat фильмінің жұлдызы, актёр әрі продюсер Кэри-Хироюки Тагава дүниеден озды, деп хабарлайды USA Today басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Актёр Санта-Барбарада қайтыс болған. Оның баспасөз хатшысының айтуынша, өлім себебі – инсульттен кейінгі асқынулар.
IMDB-дегі мәліметтерге сүйенсек, Кэри-Хироюки Тагава 27 қыркүйекте Токиода америкалық әскери қызметші мен жапон актрисасының отбасында дүниеге келген. Әкесінің қызметіне байланысты отбасы жиі көшіп-қонып жүрген, актёрдің балалық шағы АҚШ-та өткен.
Отбасы Оңтүстік Калифорнияға тұрақты қоныстанғаннан кейін, Тагава орта мектепте актёрлік өнерді қолға алған. Ол сондай-ақ каратэ және кендо спортымен белсенді түрде шұғылдана бастаған.
Оның кинодағы дебюті 1986 жылы болды. Тагава режиссёр Джон Карпентердің "Большой переполох в маленьком Китае" фильмінде шағын рөлді ойнап шықты. Ал халықаралық ірі жобалардағы алғашқы рөлін "Соңғы император" фильмінде ойнады.
Тагава Mortal Kombat фильмінен кейін әлемдік танымалдыққа ие болды. Ол фильмдегі зұлым Шан Цзуннің рөлі арқылы бүкіл әлемге танылды.
Бұдан кейін актёрдің мансап жолы өрге домалап, көптеген фильмге түсті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз