Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин үндістандық спортшы Исак Экбалмен жұптасып, Гвалиорда (Үндістан) өткен ITF M25 сериялы жұптық турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.


sportarena.kz дерегіне сүйенсек, жартылай финалға шығу үшін қазақстандық-үнділік дуэт Виваан Бидасария /Ашравья Мехра тандемімен кездесті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Grigoriy Lomakin (@grigor.77)

Матч 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.

Турнирдің жартылай финалында Ломакин мен Экбал Үндістан өкілдері Арян Лакшманан мен Маниш Сурешкумармен ойнайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tennis Karnataka (@tennis_karnataka)

Бұған дейін Қазақстанның бірінші теннисшісі, әлемнің 5-ші ракеткасы Елена Рыбакинаның миллионерлер тізіміне енгенін жазғанбыз.