2025 жылдың 29 мамырына қараған түні Қазақстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 2:14-те тіркелген. Көрсетілген координаттар бойынша қайнар көзі Қазақстанда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 478 км жерде, Алакөл көлінің аймағында орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулері сезілмеген.
2025 жылы 27 мамырда Жетісу өңірінде жер сілкінісі тіркелді.