Қазақстанда концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынады. Тиісті заңға президент бүгін қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Түзетулердің төртінші блогы мәдениет саласындағы бірқатар мәселені шешуге бағытталған.

Енді концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынады (бұл ереженің телевизиялық жазбаларға, концерт өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған орындарға қатысы жоқ).

Сондай-ақ авторлық құқық объектісі саналатын шығармаларды масс-медиада немесе онлайн-платформаларда жария түрде пайдаланған кез келген жағдайда авторды (авторларды) көрсету міндетті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз