Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесін кеңейту туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Оған сәйкес тізбеге тағы 14 өнім енгізілмек
Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін тізбеде 19 атау болса, жаңа жобада олардың санын 33-ке дейін арттыру ұсынылып отыр.
Бұйрық жобасына сәйкес жаңартылған тізбеге қызанақ, қияр, алма, сиыр еті сүйегімен, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйегімен, жаңа немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік, қара шайды қосу көзделген.
ӘМАТ тізбесін кеңейту – уақытша қолданылатын шара екенін атап өтті. Ол аталған тауарлардың бағасын қалыптастыру үдерісінің ашықтығын арттыруға және жоғары үстеме баға қоятын өнімсіз делдалдарды айналымнан шығаруға бағытталған.
"Тізбені уақытша кеңейтудің негізгі мақсаты – халықтың күнделікті тұтынатын басты азық-түлік өнімдеріне қолжетімділігін арттыру және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Әр позиция бизнес қауымдастықпен, кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен қосымша талқылаудан өтеді", — делінген хабарламада.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ұсынылып отырған тізбесі:
- 1. Бірінші сұрыпты бидай ұны
- 2. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бидай наны (пішінді)
- 3. Рожки (өлшеніп салынатын)
- 4. Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
- 5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын )
- 6. Картоп
- 7. Ас сәбізі
- 8. Пияз
- 9. Ақ қауданды орамжапырақ
- 10. Қызанақ
- 11. Қияр
- 12. Алма
- 13. Қант – құмшекер
- 14. Күнбағыс майы
- 15. Сүйегі бар сиыр еті
- 16. Сүйексіз сиыр еті
- 17. Тартылған ет
- 18. Сүйегі бар қой еті
- 19. Сүйегі бар жылқы еті
- 20. Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық (таран, теңге балық, көксерке, шортан, сазан, ақсақа)
- 21. Мұздатылған балық (көксерке, минтай, хек, камбала, скумбрия, сазан)
- 22. Тауық еті (жамбасы, сирақ, тауық сан еті)
- 23. Тауық
- 24. 2,5% майлылықтағы жұмсақ қаптамадағы пастерленген сүт
- 25. Ультрапастерленген, стерилденген сүт
- 26. 2,5% майлылықтағы айран
- 27. Қаймақ
- 28. 5–9% майлылықтағы сүзбе
- 29. Қатты ірімшік
- 30. Сары май (тұзсыз, кемінде 72,5% майлылық, қоспасыз және өсімдік майларынсыз)
- 31. Тауық жұмыртқасы (I санат)
- 32. Қара шай
- 33. Ас тұзы («Экстра» санатынан басқа)
Сауда және интеграция министрлігі барлық мүдделі азаматты, бизнес өкілдерін және сарапшыларды "Ашық НҚА" порталындағы бұйрық жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз