Алматы Бас Ботаникалық бағы 2025 жылғы 2 маусымда жабық болады. Бұл күні аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді. Кестедегі өзгерістер жайлы 29 мамырда бақтың әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мекеме басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалатындығын атап өтті.
"Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30",- делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Главный Ботанический Сад г.Алматы (@botsadkz)
Бұған дейін Үлкен Алматы айналма жолы арқылы жарты бағамен жүруге болатындығы жайлы хабарланды.