Геосаясат әлемдік нарықта ұсыныстың көптігіне байланысты алаңдаушылыққа қарамастан 2026 жылы да мұнай бағасын қолдауды жалғастырады. Бұл туралы экономист Эльдар Шамсутдинов айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Bloomberg басылымына сілтеме жасай отырып, дүйсенбіде таңертең мұнай қымбаттағанын, өйткені 2026 жылдың қарсаңында жеткізілімнің қысқаруын меңзейтін бірнеше геосаяси шиеленіс күшейе түскенін айтады. Атап айтқанда, Трамп Венесуэланың әуе кеңістігі "толығымен жабық" деп есептелетінін мәлімдеген соң АҚШ пен Венесуэла арасындағы шиеленіс күшейе түсті, бұл, әдетте әскери операциялар қолға алынатынын білдіреді. Бұған дейін Трамп Венесуэладағы жер үсті операциялары "жақын арада басталады" деп айтқан болатын.

"Сонымен қатар, әлемдегі мұнай жеткізілімінің 1%-дан астамын қамтамасыз ететін Каспий құбыр консорциумы (CPC) өз жұмысын уақытша тоқтатты. Себебі өткен сенбіде Қара теңіз терминалы ұшқышсыз кеме шабуылынан кейін зақымданған. Оның үстіне жексенбідегі кездесуде OPEC + қатысушылары 2026 жылдың І-тоқсанында өндіріс өсімін арттыруды доғару туралы қараша айындағы шешімді растады. Ағымдағы тәулігіне ұсынылған 1,65 миллион баррель транштан, топ бұрын бастапқы 2,2 миллион баррельді қалпына келтіргеннен кейін, шамамен 1,2 миллион баррельді қайтару керек. Мұнай бағасы қараша айында төртінші ай қатарынан төмендеуді көрсетті, өйткені ұсыныс профицитінің артуы инвесторлар көңіл-күйіне қысым жасады. IEA қазір 2026 жылы тәулігіне 4,09 миллион баррельден асатын рекордтық профицит болады деп болжайды, дегенмен Украина мен Венесуэладағы геосаяси шиеленістің күшеюі қайтадан бағаларға белгілі бір деңгейде қолдау көрсетті", деп жазады желідегі парақшасында Эльдар Шамсутдинов.

Айта кетсек, 2025 жылы 29 қарашада Қазақстан мұнайы тасымалданатын КҚК айлағы шабуылға ұшырап, жұмысын уақытша тоқтатқанын жазғанбыз.