Ғалымдар "бөтенғаламшарлықтардың кемесі" немесе "комета кеме" деп аталатын 3І/ATLAS нысаны Жерге жақындаған сайын өзгеріске ұшырайтынын байқады. Бақылау барысында ғалымдар оның жарығы кенеттен төмендегенін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алты күн ішінде 3І/ATLAS жұлдызаралық объектісінің жарығы үштен бірінен астамға азайды, деп жазады Telegram каналындағы РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасының ғалымдары.
"Ғалымдардың пайымдауынша, жарықтың төмендеуі комета мен Күн арасындағы қашықтықтың ұлғаюына байланысты болуы мүмкін, ондайда одан аз жарық шағылысады. Осыған қарамастан, 3І/ ATLAS қазіргі уақытта телескоптармен бақылау үшін қолжетімді 100-ге жуық кометалар арасында жарықтығы бойынша төртінші орында тұр", делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, 3І/ATLAS кометасы соңғы бірнеше күнде жарығы азайған, дегенмен ол Жерге тез жақындап келеді.