Бұл туралы бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ" баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана мен Алматыда кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) мекенжайлары өзгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрметті қызмет алушылар! 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Астана және Алматы қалаларындағы кезекші орталықтардың мекенжайлары өзгерді", – делінген хабарламада.

Қазақстандықтарға орталықтардың жұмыс кестесі еске салынды:

  • жұмыс күндері – 09:00-ден 20:00-ге дейін,
  • сенбі күндері – 09:00-ден 13:00-ге дейін.

Сонымен қатар, арнайы ХҚКО жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін өтінім қабылдайды, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбіде өтінімдер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі", – деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ" баспасөз қызметі.

Ескерту: кейбір өңірлерде орталықтардың жұмыс кестесі әртүрлі болуы мүмкін. Белгілі бір бөлімшенің нақты жұмыс уақытын "ХҚКО" мобильді қосымшасынан қарауға болады.

2025 жылғы 28 қарашада "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ" қызметкерлері азаматтың негізгі құжатында – туу туралы куәлікте қате кетсе, не істеу керектігін түсіндірді.