1 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасында үш жаңа әуе бағыты ашылады, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 1 желтоқсанынан бастап SCAT әуекомпаниясы Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргеніш (Хиуа) және Түркістан – Самарқанд бағыттары бойынша тұрақты ұшады.

Рейстер әр бағыт бойынша аптасына үш рет орындалады. Билеттер сатуға шығарылған, ұшу құны – бір бағытқа 40 мың теңге.

"Бастапқы кезеңде әуе қатынастары тұрақты жолаушылар ағынын қалыптастыру үшін субсидияланатын болады. Маршруттардың ашылуы туризмді дамытуға және Ұлы Жібек жолы қалаларын ілгерілетуге, сондай-ақ өңірлердің көлік байланысын күшейтуге және шетелдік туристер ағынын ынталандыруға бағытталған", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз