Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Алдағы күндері Астанада аяз, Алматы мен Шымкентте жылы ауа райы сақталады

“Қазгидромет” РМК синоптиктері Қазақстанның ірі қалаларына алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 2025 жылғы 28–30 қарашада Астанада ауа температурасы -9°С дейін төмендейді. Ал Шымкент пен Алматыда теріс температура тек түнде күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

28 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде -4–6°С, күндіз -1–3°С.

29 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде және таңертең тұман. Желдің жылдамдығы 12 м/с дейін. Түнде -7–9°С, күндіз -2°С.

30 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде және таңертең тұман. Жел 5–10 м/с. Түнде -2–4°С, күндіз шамамен 0°С.

Алматы

28 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде -2°С, күндіз +11–13°С.

29–30 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде -2°С, күндіз +9–11°С.

Шымкент

28 қараша: аз бұлтты. Түнде -2°С, күндіз +16–18°С.

29 қараша: аз бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел 10 м/с дейін. Түнде -2°С, күндіз +12–14°С.

30 қараша: аз бұлтты. Түнде -1–3°С, күндіз +10–12°С.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда -13°С дейін аяз болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.