Алматыда апелляциялық сот "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісін қарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы қалалық соты мәлім еткендей, судьялар алқасы істің барлық қатысушысына қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырған.
Сот отырысы жабық режимде өткен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық сотқа шағым түсіргенін, оның шағымы қаралып жатқанын жазған едік.
Арман Жұмагелдиев биыл 27 қаңтарда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз