2025 жылғы 21 қарашадағы Үкімет қаулысымен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін 40 қызмет түрінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізімге келесі қызмет түрлері кірді:
- Мал шаруашылығын дамытуға ықпал ететін қызмет.
- Музыкалық аспаптар өндірісі.
- Сырлау-әрлеу (штукатур) жұмыстары.
- Столярлық және ағаш ұсталық жұмыстары.
- Еден жабу және қабырғаларды қаптау.
- Бояу және әйнектеу жұмыстары.
- Желі маркетингі арқылы бөлшек сауда.
- Такси қызметі.
- Басқа пошта және курьерлік қызмет (өзге пошта қызметін қоспағанда).
- Дайын тамақты жеткізу қызметі.
- Өз меншігіндегі немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (субаренда) және басқару.
- Фотоқызметтер.
- Ауызша және жазбаша аударма қызметі.
- Ветеринариялық қызмет.
- Жеке тұтыну және тұрмыстық тауарларды жалға беру және лизинг.
- Тұрғын үйлерді жалпы тазалау.
- Интернет-платформалар арқылы көрсетілетін өзге де көмекші коммерциялық қызметтер (басқа топтарға кірмейтін).
- Спорт және демалыс саласындағы білім беру.
- Мәдениет саласындағы білім беру.
- Басқа топтарға кірмейтін өзге білім беру қызметі.
- Көркем және әдеби шығармашылық.
- Компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды жөндеу.
- Байланыс жабдықтарын жөндеу.
- Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу.
- Тұрмыстық құрылғыларды, үй және бақша жабдықтарын жөндеу.
- Аяқ-киім жөндеу.
- Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу.
- Жиһаз және интерьер заттарын жөндеу.
- Қол сағаттары және басқа да сағаттарды жөндеу.
- Зергерлік бұйымдарды жөндеу.
- Трикотаж және тоқыма бұйымдарын жөндеу.
- Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу.
- Теріден және былғарыдан жасалған бұйымдар мен бас киімдерді жөндеу.
- Музыкалық аспаптарды жөндеу.
- Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу.
- Велосипед жөндеу.
- Өзге де жеке тұтыну және тұрмыстық тауарларды жөндеу (басқа топтарға кірмейтін).
- Шаштараз және сұлулық салондары қызметтері.
- Үй шаруашылықтарының үй қызметшілерін жұмысқа жалдауы.
- Үй шаруашылықтарының өз қажеті үшін тауарлар өндіруі.
Құжат жаңа Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағы 1) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленген.
Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимінде 44 қызмет түріне тыйым салынғаны хабарланған болатын.