Израиль авиациясы Ливан астанасы Бейруттың маңындағы тұрғын үйге шабуыл жасады. Ливанның денсаулық сақтау министрлігі соққыдан кейін бір адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости ақпаратына сәйкес, израильдік авиация Бейрут қаласының оңтүстігіндегі тұрғын үйге шабуыл жасаған.

Израиль әскерінің әуе соққысы салдарынан бір адам қаза тауып, 21 тұрғын зардап шекті.

ЦАХАЛ өкілдері өзінің Telegram-каналында шабуыл жасағандарын растады. Әскерилер басты нысана Хезболланың негізгі террористі болғанын жеткізді. Олар арнайы әскери операцияның мән-жайын жария етуге уәде берді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз