"Қазгидромет" РМК 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ пен тұман болатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетедіү

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында және орталығында тұман түседі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысында тұман, түнде көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада 25 қарашада тұман, түнде көктайғақ болады.

Түнде және таңертен Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа жетеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз