Батыс Қазақстан облысында "Атырау – Орал" автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Компания мәліметінше, 2025 жылғы 21 қараша сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Атырау – Орал" автожолының 373-492 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Чапай ауылы – Орал қаласы) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
"Жолды 2025 жылғы 22 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған", — дейді компания мамандары.
Еске сала кетейік, елімізде 2025 жылғы 10 қарашада жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлаған едік. Өзгерістер 23 қарашадан бастап күшіне енеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз