16 желтоқсаннан бастап "Алматы – Қостанай" бағытындағы жаңа "Тальго" пойызы қатынай бастайды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Тальго" пойызы жаңа бағыт бойынша жұп күндері қатынайды. Құрам заманауи "Тальго" вагондарынан жасақталған.

"Бұл шешім пойыздың қозғалыс уақытын стандартты пойыздарға қарағанда 12 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Оңтүстік пен солтүстік өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін күшейтіп, қысқы маусымда жолаушылар үшін жол жүруді едәуір қолайлы етеді", — делінген хабарламада.

Бағыт Қостанай, Тобыл, Атбасар, Астана, Қарағанды және Алматы сияқты ірі қалалар арқылы өтеді.

Пойызда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бейімделген орындар бөлінген, сондай-ақ билет құны үшін 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз