"ҚазАвтоЖол" төрт облыстағы қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге сақ болу жөнінде ескерту жасады.

21 қараша күні Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайда жол қозғалысы қиындап, көліктің тежелу арақашықтығы ұлғаяды.

"Жүргізушілерден жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген ресми хабарламада.

Жолдардағы жағдай туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан білуге болады.


Оқи отырыңыз: Қар, жаңбыр, көктайғақ: 21 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады