Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жеңіске жетті. Финалда қазақстандық спортшы Мохаммед Хураймиланы (Сауд Арабиясы) жеңді.

Айта кетейік, Сауд Арабиясында өтіп жатқан сайыстан Қазақстан құрамасының еншісінде 13 алтын медаль бар.

Сондай-ақ 94 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Рамазан Кусаинов ел қоржынына күміс медаль түсірді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз