Елордада 22 қарашадан бастап жаңа №82 автобус бағыты ашылды, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
СTS-тің мәліметінше, №82 жаңа автобус "Орда базары" – "Зерде мектебі" аралығында қатынайды.
Бағыт "Алаш" тас жолындағы негізгі нысандарды, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаев, Бұқар жырау көшелерін және Абылай хан, Тәуелсіздік және Әл-Фараби даңғылдарын қамтиды.
Қозғалыс сызбасын екінші суреттен және Avtobys қосымшасынан көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз