Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тұрғындардың қыс мезгілінде күннің ерте бататынына қатысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер уақыт белдеуі мәселесін қайта қарау жоспары бар-жоғын және қазіргі уақытта қандай шаралар қарастырылып жатқанын сұрады. Нұрымбет Сақтағанов облыста жаңа уақыт белдеуінің орнағанына бір жыл сегіз ай болғанын еске салды.

"Ол тиісті мамандар мен ғалымдардың талдаулары мен ұсыныстары ескеріле отырып, мемлекеттік деңгейде қаралды. Біз көптеген ұйым мен мекеменің жұмыс уақытын қарап шықтық: олар таңғы 8-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді, әлемнің әртүрлі қалаларында жұмыс уақыты да әртүрлі.

Бірақ мұндай сұрақтар ол жақта туындамайды. Бұл мәселені қайта қарастырамыз деп ойламаймын", — деді облыс басшысы.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз