Алматы облысында жаппай жол апаты болды. Жүріп келе жатқан жүк көлігінен ажырап кеткен тіркеме төрт адамның өліміне әкеліп соқтырған жантүршігерлік жол апатына түрткі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД хабарлағандай, қайғылы оқиға Алматы – Бішкек тас жолының 44 шақырымында болған.

"28 мамырда сағат 18:00 шамасында Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны тізгіндеген КАМАЗ маркалы жүк көлігінің тіркемесі ажырап, осылайша өз бетімен қозғалған ол жолдың қарсы бағытына шығып, Geely автокөлігімен соқтығысқан. Ал соңғысы бар инерциясымен ұшып KIA Sportage көлігін түйіп кеткені алдын ала анықталды", — деп түсіндірді жағдайды облыстық ПД Zakon.kz сайтына.

Қайғылы оқиға салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты, оның ішінде Geely жүргізушісі де бар. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", — деп нақтылайды полиция.

Бұған дейін Астанада LRT құрылыс алаңында өрт болғанын жазғанбыз.