Іс-шараның мақсаты – халық арасында мал ұрлығының алдын алу, профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ бұрын тіркелген мал ұрлықтары бойынша қылмыстарды ашу.

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс көлемінде мал тасымалдайтын автокөліктерді, сондай-ақ мал және ет сату орындарының заң талаптарына сәйкестігін тексеруде.

Іс-шараның бір күнінде мал ұрлығының 3 дерегі ашылды, оның бірі – өткен жылы тіркелген қылмыс. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын заңсыз тасымалдаудың 2 дерегі, үй жануарларын белгіленбеген жерлерде жаюдың 9 дерегі анықталды.

Мысалы, Қазалы аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны хабарласып, жайылымнан сиырының жоғалғанын айтқан.

Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде осы іске қатысы бар күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.