18-23 қараша аралығында елімізде жол-көлік оқиғаларының жолын кесуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараны жүргізуге адам шығынымен болған ауыр жол апаттары себеп болды, деп ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында патрульдеу маршруттары мен полиция қызметкерлерінің саны барынша көбейтіледі. Сонымен қатар жылдамдық режимін сақтау, басып озу және қарсы жолаққа шығу талаптарын бақылау күшейтілді. Ал елдімекендерде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларының алдын алу бойынша да қосымша шаралар қабылданады.
"Биыл адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары 31%-ға өскені байқалады. Сондықтан облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда рейдтік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылады. Сондай-ақ заңсыз тасымалдаушылар мен такси қызметіне қатысты тексерулер жандандырылды", — дейді ІІМ Әкімшілік полициясының Айырықша тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақбота Боранова.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз