Орегон еңбек гигиенасы институтының мамандары ұйықтайтын уақытты тұрақты түрде үнемі сақтау қан қысымын төмендетуге көмектесетінін анықтады. Оның үстіне мұндайда адамның қан қысымына қатысты дәрі-дәрмек тұтынатын-тұтынбайтыны маңызды емес екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеуге гипертониямен ауыратын 11 ересек адам тартылған. Бір аптадағы бақылаудан кейін ғалымдар еріктілерден ұйқының белгіленген уақытын таңдап, оны екі апта бойы ұстануды, күндізгі ұйқыдан аулақ болуды сұрады, деп жазады SLEEP Advances журналы.
Ұйқыға кету уақытының ауытқу айырмасы 30 минуттан 7 минутқа дейін қысқарды. Бұл орташа тәуліктік қысымның систоликалық сынап бағанында 4 мм, ал диастолалық сынап бағанында 3 мм көрсеткішке дейін төмендетті.
"Бұл сандар шамалы болып көрінуі мүмкін, бірақ қан қысымының түнгі уақытта 5 мм сынап бағанына төмендеуі жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін 10%-дан астамға қысқартуы мүмкін", — дейді зерттеу авторы Саурабх Тосар.
Ғалымдар тұрақты ұйқы режимінің пайдасын тұрақты жаттығулар немесе тамақ құрамындағы тұз мөлшерін азайтудан болатын әсермен пара-пар болатынын айтады. Тіпті, қан қысымына қарсы тұрақты дәрі қабылдайтындар да жақсару белгілері байқалды. Олардың пікірінше, көрсеткіштердің төмендеуі дененің ұйқыдан кейін күнделікті табиғи қалпына келу процесімен байланысты болуы мүмкін.
Бұған дейін Осака университетінің мамандары қара зере семіздікпен тиімді күресетінін және холестеринді төмендететінін анықтаған.