Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Жұманғариннің сөзінше, 2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3 пайызға өсіп отырады.

Сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламалары жалғасын табады.

Одан бөлек экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аударылады.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, үкімет әлеуметтік қолдаудың атаулылық бағытын арттыруға ниетті.

"Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту жоспарлануда. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3 пайыздан төмен болмайды", — деді Серік Жұманғарин.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз