Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды

Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Тиісті Жарлыққа 2025 жылы 18 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды”, делінген Ақорда жариялаған Жарлықта.